1 380 000 теңге  қайтарымсыз грантты кімдер ала алады?

Бүгін, 15 мамыр күні кәсіп бастауға арналған 1 380 000 теңге  қайтарымсыз грантқа өтініш қабылдаудың 2-кезеңі басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Business.enbek.kz-ке сілтеме жасап. 

Мемлекеттік грант жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде беріледі.

Грантқа кімдер қатыса алады?

  • Көпбалалы тұлғалар (көпбалалы жәрдемақы алушылар);
  • Атаулы әлеуметтік көмек (АСП) алатын адам және отбасы мүшесі;
  • Мүгедек баланы тәрбиелеуші жәрдемақы алатын адамдар;
  • Мүгедектер;
  • Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алатын адамдар;
  • Қандас қолданыстағы мәртебесі бар адамдар;
  • Қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері.

Гранттар беруге өтінімдерді қабылдаудың бірінші легі ақпан мен наурыз айында өтіп кеткен болатын.

Ал 2-ші легі: 15.05.2023 – 26.05.2023

3-ші легі: 10.07.2023 – 21.07.2023

4-легі: 04.09.2023 – 15.09.2023 арасында өтеді.

Грант алудың негізгі шарттары:

- Жұмыспен қамтудың мынадай санаттарының біріне жату: тіркелген жұмыссыздар және жеке кәсіпкерлер (3 жылға дейін);

- Жоғарыда айтылған әлеуметтік санаттардың біріне жату;

- "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификатының болуы;

Грантқа өтініш беру үшін business.enbek.kz порталында тіркелу қажет.