"Алматы жастары" бағдарламасына құжат қабылдау басталды

"Алматы жастары" бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Фото: elements.envato.com

"Алматы жастары" ипотекалық бағдарламасына құжат қабылдау басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Үміткерлер 31 мамырға дейін өтініш тапсыра алады. Кейін 20 жұмыс күн ішінде жоғары балл жинаған алғашқы 1000 адамға жолдама беріледі. Жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларының, журналистер, құқық қорғау органдары мен ғылыми-зерттеу орталықтары және ЖОО қызметкерлері қатыса алады. Биылдан бастап қатарға қалалық коммуналдық шаруашылық мамандары қосылды. Өтінім берушілердің AlmatyZhastary.kz сайтында құжат тапсыру кезіндегі көп кездесетін қателігі де айтылды. Нақтыласақ, саласын дұрыс таңдамайды, үйі жоқ деген анықтаманы "Қазақстан бойынша" деп алмайды және ЖОО қызметкерлері мектеп және колледждерге арналған "Білім" саласын таңдау арқылы қателік жасайды. Сондай-ақ, биыл бәсекелестігі жоғары салалар үшін тағы 100 жолдама қосылды.

"Биылға жоспар бойынша 1100-ден кем емес. Яғни жылда мыңнан кем емес болады. Одан бөлек, қосымша 100 үміткерге қосымша қаражат бөлініп, оның 50-і мұғалімдерге, 50-і денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне бөлінеді. Жыл сайын осы саладан көп өтінім келіп түседі", - деді қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы Азат Исламов. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек