ШҚО тұрғындары жалақысының жартысы азық-түлікке кетіп жатыр

ШҚО тұрғындары жалақысының жартысы азық-түлікке кетіп жатыр
Фото: Автордан

Ұлттық Бюро статистикасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 2022 жылдың соңғы тоқсанында бір адамға есептегенде, орташа шығын 305 мыңнан асқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


 Ал тұтынушылық шығындар – 280 356 теңгені құраған. Оның ішінде бар табысының 52%-ын тамаққа, 24%-ы азық-түлік емес заттар, сондай-ақ 14%-ы ақылы қызметтер алуға жұмсалады екен.
Азық-түлікке келсек, облыс тұрғындары бір тоқсанда ет пен ет өнімдеріне 40 мың теңгеден астам ақшасын кетіреді.

"Сүт өнімдері мен жұмыртқаға 21 мың теңгедей, балық пен теңіз өнімдеріне 8500 теңге, нан, тоқаш өнімдері мен түрлі жармаларға 21 мың теңге мөлшерінде жұмсайды", – делінген мәліметте.


Сайып келгенде, тұтынушылық шығынның шамамен 50%-ы азық-түлік пен алкогольсіз сусындар сатып алуға кетіп жатыр екен.
Асыл Бигелді

ғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы