Жетісу облысының әкімі Болат Назарбаевтың жерлері туралы сұраққа жауап берді

Жетісу облысының әкімі Болат Назарбаевтың жерлері туралы сұраққа жауап берді
Фото: saliqaly.kz

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Болат Назарбаевтың облыстағы жерлері туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Облыс екіге бөлінгенге дейін Алматы облысы болғанын білеміз. Көп жерлер Болат Назарбаевқа тиесілі болды. Сіздер бүгін ол жерлердә таптыңыздар ма? Қандай да бір тексеріс жүріп жатыр ма?", - деп сұрады журналист Асхат Ниязов. 

Бейбіт Исабаев әзірге облыс аймағында Болат Назарбаевтың жерлері анықталмағанын айтты. 

"Ол жерлер көбіне қазіргі Алматы облысының аймағында орналасқан. Бұрын бір облыс болды ғой. Тексеріп, анықтасақ Болат Назарбаевтың бос жатқан, ешқандай жұмыс жүргізілмей жатқан жерлерін табатын да шығармыз. Егер тапсақ заң бойынша қатаң түрде алып аламыз", - дейді әкім журналист Асхат Ниязовқа берген сұхбатында.     

Еске салайық, бұған дейін Болат Назарбаевтың компанияларына тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылғанын хабарлаған едік. Amanat партиясының сайтында депутат Ерлан Саировқа сілтеме жасап, қазір Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі Маңғыстау облысында 239 мың гектар, Жамбыл облысында 60 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылғанын хабарланды. Бұған дейін Бас прокуратурамен бірлесіп, аумағы 244 гектар 59 жер учаскесі анықталды, олардың меншік иесі күмәнді жағдайларда Болат Назарбаев болды.

"Болат Назарбаевқа тиесілі жер қайтарылды" - Cаиров

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина