Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы титулын екінші рет қорғады

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы титулын екінші рет қорғады
Фото: Facebook / Janibek Alimkhanuly

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) канадалық боксшы Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) жекпе-жекте өз белбеуін қорғады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек Стоктонда (АҚШ) өтті және бокс кешінің басты оқиғасы болды. Қарсыласудың екінші раундында Әлімханұлы қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді, содан кейін жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Жәнібек Әлімханұлы титулын екінші рет қорғап отыр. Бұған дейін ол былтыр қарашада ұлыбританиялық Дензель Бентлиді (18-2-1, 15 КО) төрешілер шешімімен жеңген кезде өткізді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина