Қазақстандықтар маусымда қанша күн демалады?

Қазақстандықтар маусымда қанша күн демалады?
Фото: Тұрар Қазанғапов

Маусымда қазақстандықтар Құрбан айт мейрамын тойлайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Құрбан айт мейрамы 28 маусым сәрсенбіге келіп тұрғандықтан, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 26, 27 маусым жұмыс істеп, 28 маусым демалады, 29, 30 маусым қайта жұмыс істейді.


Almaty.tv

Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 26, 27 маусым жұмыс күні болса, 28 маусым демалып, 29, 30 маусым және 1 шілде қайта жұмыс істейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина