Ақтөбелік мұғалім алаяқтың құрбаны болды

Ақтөбелік мұғалім алаяқтың құрбаны болды
Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Ақтөбелік мұғалім алаяқтың құрбаны болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

53 жастағы ақтөбелік полицияға алаяқтын құрбаны болғаны туралы арызданды. Оның айтуынша, жыл басында таныс әйел шағын бизнесті дамыту үшін өтеусіз грант алуға жәрдемдесу сылтауымен 500 мың теңге сомасында ақша иеленген.

Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 30 жастағы әйелді анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Алдын ала тергеу барысында күдіктінің тағы бір жергілікті тұрғынды 1 миллион теңгеге алдағаны анықталды. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша соталды тергеу басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова