Астанада жатақханада өрт шықты

Астана тұрғындары оң жағалаудағы тұрғын үй секторындағы өртті видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, 13 мамырда сағат 16.30-да 101-ге Отыкен көшесі, 1 мекенжайы бойынша жеке үй өртеніп жатқаны туралы ақпарат келіп түскен.

"Өртсөндірушілер барғаннан кейін екі қабатты жеке жатақхана жанып жатқаны анықталды. Қатты желге байланысты жақын жерде орналасқан 3 қабатты ғимаратқа қауіп төнді. 17.45-те өрт оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!