Елена Рыбакина Римдегі турнирді жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші жарысты екінші айналымнан бастады. Ол әлемнің 65-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолинимен кездесті.

Бірінші партияда Рыбакина тай-брейкте басым түсті - 7:6 (7:4). Екінші сет жеңілірек болды - 6:1.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта Елена 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 57-ракеткасы, ресейлік Анна Калинскаямен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Рим мастерс турнирінің үшінші айналымына шыққанын хабарлаған едік. Александр Бублик енді келесі кезеңле әлемнің 4-ракеткасы, норвегиялық Каспер Руудпен ойнайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!