Шымкентте бес көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті

Шымкентте бірден бес көлік соқтығысты. Көлік апаты Ж.Тәшенов пен Н.Төреқұлов көшелерінің қиылысында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Мұнда бес көлік – Lada, Ваз 2115, Hyundai Tucson, Toyota Prado және Chevrolet соқтығысқан.

Оқиға салдарынан үш адам зардап шекті, екеуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетіліп, біреуі ауруханаға жатқызылды.

Куәгерлердің айтуынша, апатқа Chevrolet жүргізушісі кінәлі.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!