Президент Қазақстанның болашағынан не күтетінін мәлімдеді

Президент Қазақстанның болашағынан не күтетінін мәлімдеді
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың CCTV телеарнасына берген сұхбатында жаңа Қазақстанның алдында қандай міндеттер тұрғанын, неге күш салатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мен елімнің Еуразия құрлығында болып жатқан процестердің ортасында болғанын қалаймын. Қазақстан әлемнің бұл бөлігінде сауда жолдарын, халықаралық қатынастарды жолға қоюда өте маңызды роль атқарады. Қазақстанның болашағы жарқын боларына сенімдімін. Сондықтан мен Қазақстанның экономикасы өте дамыған озық ел ретінде одан әрі дамуына ықпал ету үшін бар күшімді саламын.

Қазақстан осындай сыртқы саясатты жүргізуде табысқа жетеді. Біздің тарихи тағдырымыз - бейбіт өмір сүру, барлық елмен достық қарым-қатынастан пайда табу. Ең алдымен, Қытай өте маңызды роль атқаратын жақын көршілерімізбен", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін Президент ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында еліміздің Қытаймен саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының даму перспективаларына, қазақ-қытай қатынастарының тарихы мен бүгінгі жай-күйіне, жаһандық және өңірлік саясатқа қатысты Leaders Talk бағдарламасының сұрақтарына жауап беретіні хабарланған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова