Алматы облыстық мәдениет басқармасының басшысы қамауға алынды

Алматы облыстық мәдениет басқармасының басшысы қамауға алынды
Фото: elements.envato.com

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шенеунік өз қалауы бойынша қолма-қол ақшаға айналдырылған және пайдаланылған бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Биылғы 30 сәуірінде Іле ауданының тергеу сотының санкциясымен мемлекеттік органның басшысы қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. 

"ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан