Ақтауда тұрғын үй кіреберісінің төбесі опырылды: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Ақтауда тұрғын үй кіреберісінің төбесі опырылғанынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Дәрігерлер зардап шеккендердің бірінің денесі көгергенін, үйіне жіберілгенін, ал екіншісі Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылғанын айтты. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі өкілдері мәлім етті.

Маңғыстау облыстық ауруханасында Ақтауда тұрғын үй кіреберісінің төбесі опырылуы салдарынан жарақат алған 1994 жылы туған ер адам жатыр.

"1994 жылы туған науқастың оң жақ жіліншіктің төменгі үштен бір бөлігі сынған. Ол травматология бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер тексеру жүргізді. Науқастың оң аяқғына сыртқы бекіту құрылғысын салынды. Операция жоспарланып отыр", - деп хабарлады аурухана өкілдері.

Тағы бір жәбірленуші - 1975 жылы туған ер адам төтенше жағдайдың салдарынан сол жақ тобық буыны көгерген. Ол амбулаторлық емделуге шығарылып, үйіне жіберілді.

Еске салайық, кеше, 11 мамырда Ақтауда жазатайым оқиға болды: подъезд кіреберісіндегі шатыр құлап, бір адам мерт болды. Тағы екі адам зардап шекті. 

Ақтауда тұрғын үй кіреберісінің төбесі опырылды: жазатайым оқиға кезінде кім қаза тапқаны белгілі болды.

Көршілердің айтуынша, маңдайшаны бұзған жұмысшылар сол ықшамауданның тұрғын үй шаруашылық мекемесінің сантехниктері болған. Сонымен қатар, басылым мәліметінше, олар каскасыз және ешқандай құрал-жабдықтарсыз жұмыс істеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!