"Қызметке ауысқаны үшін 2 500 АҚШ доллары көлемінде пара берген". Антикор жемқорлық ісі туралы жария етті

"Қызметке ауысқаны үшін 2 500 АҚШ доллары көлемінде пара берген". Антикор жемқорлық ісі туралы жария етті
Фото: Тұрар Қазанғапов

Астана қаласы бойынша Антикоррупциялық қызмет "ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің Ұлттық сараптама орталығы" Жетісу филиалының директорына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Агенттік мәліметінше, 12 мамырда Астана қаласы бойынша Антикоррупциялық қызметі тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша күдікті адамның туыстары мен достарының санкцияланған митингі өткен. 

Жиналғандар оның кінәсіздігі туралы мәлімдеп, объективті тергеуді талап еткен. 

 "ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің Ұлттық сараптама орталығы" Жетісу филиалының директоры Ұлттық орталық басшылығына Алматы облысына осындай қызметке ауысқаны үшін 2 500 АҚШ доллары көлемінде пара берді деп күдіктеніп отыр.

Аталған адамның іс-әрекетінің саралануы прокуратурамен келісілген.

2023 жылы 31 наурызда соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина