"Жүрегі тоқтап қалса ше?" Биіктен секірген 68 жастағы әже Желі қолданушыларын шошытты

"Жүрегі тоқтап қалса ше?" Биіктен секірген 68 жастағы әже Желі қолданушыларын шошытты

Қырғызстанда биіктен секірген әжей Желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әжейдің жасы 68-де. Әжейдің сөзінше, ол осымен екінші рет биіктен секіріп жатыр.

"Анара апа 68 жасында стереотиптерді бұзып жүр. Осымен екінші рет секіріп жатыр. Оның сөзінше, секіру сергітеді екен", - делінген жазбада. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ПРЫЖКИ | ЭКСТРИМ в Бишкеке ?? (@flyjump.kg)

Желі қолданушылары әжейдің әрекетіне тәнті болған. 

"Осылай қартайғым келеді, деніңіз сау болсын", "Мен 30 жаста болсам да әлі секіруге тәуекел ете алмай жүрмін", "Қорқып та, жас болсам да ұялып тұрмын", "68 жаста биіктен секіру мақтауға тұрарлық", - деп пікір жазған Желі қолданушылары. 

Алайда Анара әжейдің денсаулығына алаңдағандар да болды. 

"Жас шектеуін қою керек, мұнымен ойнауға болмайды. Денсаулығына кім жауапты болады?", "Жүрегі тоқтап қалса ше?", "Инфаркт болса не болар еді? Қауіпті", - дейді Желі қолданушылары. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина