Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: freepik

Синоптиктер 13-15 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Болжам бойынша, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталь бөліктер өтеді, сондықтан ауа райы тұрақсыз болады: күн күркіреп жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, 15 мамырда түнде республиканың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 13 мамырда солтүстікте, 14 мамырда оңтүстік облыстарда, 14-15 мамырда республиканың оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі.

"Жалпы, Қазақстанда ауа температурасының тұрақсыз болады деп болжанады, тек 14-15 мамырда еліміздің солтүстік жартысында түнде 1-3 градус аяз күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғады деп күтілуде", - деді синоптиктер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек