"Қытай қоқысы ғой". Әнші Маржан Арапбаева су жаңа көлік алды

Әнші Маржан Арапбаева су жаңа көлік алғанын айтып сүйіншіледі. Ол бұл туралы instagram парақшасына видео жариялап, қуанышын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің таңдауы түскен "Exeed VX" көлігі, оның нарықтағы құны шамамен 22 миллион.

"Алақай, достар! Бүгін менің күнім. Менде жаңа тұлпар. Мен үшін қуанған әрбір жанға жұғысты болсын" , - деп жазды ол.

Желі қолданушылары оған түрлі пікір қалдырған.

"Құтты болсын", "Жолың ақ болсын", Құтты болсын, Маржан бізге де бұйырсын, Өмірің озсын, тұлпарың астыңда тозсын, "Қытай қоқысы ғой", "Ертегі шығар", "Тұлпарыңыз құтты болсын", "Бізге де жұғысты болсын", - деп құттықтап жазды олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!