"Ойнап жүріп құлап кеткен". Түркістан облысында суға батып кеткен 12 жастағы қыз өлі табылды

"Ойнап жүріп құлап кеткен". Түркістан облысында суға батып кеткен 12 жастағы қыз өлі табылды
Фото: Көрнекі сурет ves-novgorod.ru

Түркістан облысының Келес ауданында суға батып кеткен 12 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Абай ауылында болған. Құтқарушылардың айтуынша, 8 мамырда сағат 17:00 шамасында оқушы қыз Ошақты каналына құлап, өздігінен шыға алмай қалған. Куәгер суға батқан қыздың досы болған. Оның айтуынша, қыз ойнап жүріп абайсызда суға құлап кеткен. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қыздың денесі оқиға орнынан 5 шақырым жерден табылды.

Келес ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қыздың құрбысымен бірге келе жатып, абайсызда каналға құлап кеткенін хабарлады.

"Суға батып кеткен қызды іздеуге Төтенше жағдайлар департаментінің 6 қызметкері, 8 полиция қызметкері, жергілікті атқарушы органдардың 4 қызметкері және туыстарынан 12 адам жұмылдырылды. Іздеу барысында Ошақты каналынан су уақытша тоқтатылып, қыздың денесі 21:20-да апат орнынан 5 шақырымдай жерден табылды", - деді құтқарушылар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек