Павлодар облысында өртенген үйден 11 жастағы бала өлі табылды

Павлодар облысында өртенген үйден 11 жастағы бала өлі табылды
Фото: Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

11 мамырда сағат 02:03-де Павлодар облысы Успен ауданы Галицкое ауылында 5 бөлмелі кірпіштен салынған жеке үй өртенді. Құтқарушылар өртті сөндіріп болған соң 11 жастағы баланы өлі тапқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Өрт сөндірушілер келгенде жартылай қираған шатырдың ағаш конструкциялары, тұрмыстық заттар, жиһаздар жанып жатқан. Өрттің жалпы ауданы - 250 шаршы метр. Өз бетімен 4 адам эвакуацияланды. 1986 жылғы үй иесі Павлодардағы №1 ауруханаға жатқызылды. Өртті 03:52 сағатта ауыздықтап, 04:40-та сөндірген", - делінген Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Ал сағат 05:05-те дәліздегі үй құрылыстарын бөлшектеу кезінде 2012 жылғы ер баланың мәйіті табылды.

Өртті сөндіруге Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің 3 бірлік техникасы мен 7 қызметкері, сондай-ақ 101 және 103 қызметі жұмылдырылған. Себептері мен шығыны анықталып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???Pavlodar oblysynyń ТJD (@pavlodar_tjd)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан