Халықаралық іздеуде болған. Шымкентте қылмыскер 7 жылдан кейін ұсталды

Халықаралық іздеуде болған. Шымкентте қылмыскер 7 жылдан кейін ұсталды
Фото: otyrar.kz

Шымкентте есірткі қылмысы үшін 7 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 2016 жылдан бастап есірткіге байланысты қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде болды.

Жедел уәкілдер Шымкентте іздеуде жүрген адамды ұстады. Қазір ол Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің тергеу изоляторына қамауға алынды.

Қазір полицейлер күдіктіні экстрадициялау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова