Virgin Galactic алғаш рет туристерді ғарышқа ұшырады

Virgin Galactic-тің Galactic 01 миссиясы 2023 жылдың маусым айының соңында ғарышқа алғашқы туристерді ұшырады. Бұл туралы компания басшысы, миллиардер Ричард Брэнсон мәлімдеді.

Алғашқы рейске билет сатып алғандардың аты-жөні әлі жарияланған жоқ. Мұндай рейстің бағасы 450 000 доллар.

Virgin Galactic 2021 жылдың жазында VSS Unity зымыранымен Жер орбитасына алғашқы сапарын жасады. Содан кейін Брэнсонның өзі шақырған үш туристпен бірге аспанға ұшты. Келесі рейстерге билеттер тек 2022 жылдың ақпан айынан бастап сатыла бастады.

Брэнсонның  SpaceShipTwo ұшағын 14 шақырым биіктікке дейін WhiteKnightTwo ұшақ тасушысы алып шығады. Ары қарай суборбиталды ұшақ 42 секундта әуенің стратосфера қабатынан мезосфера қабатына өтіп, 82,7 шақырым биікке дейін көтеріле алады.  Бұл ұшақ дауыс жылдамдығынан 2,9 есе тез ұшады.

Ұшақ Жер атмосферасы мен кеңістігінің шекарасына дейін жетеді. Жер атмосферасы мен ғаламның шекарасы 100 км биіктікте. Сол себепті ұшудың ең жоғары биіктігі 90 км  Одан жоғары тартылыс күші жоқ.

Ұшу кезінде жолаушылар салмақсыздықты сезініп, терезе арқылы Жер шарын көре алады.

"Компания "мамыр айындағы миссиясы ғарышқа туристерді ұшыруға арналған сынақтың соңғысы болады" деп мәлімдегеннен соң акциясы 4%-ға өсті" деп жазды reuters.

Айта кетейік, 2021 жылы британиялық кәсіпкер және астронавт Ричард Брэнсон өзінің Virgin Galactic компаниясына тиесілі ұшағымен 90 км биіктікке көтерілді. Ол ғарышқа жеке ұшақпен ұшқан алғашқы адам атанды.

Бренсон Нью-Мексикада жергілікті уақытпен таңғы 8:30-да ұшып, бір сағаттан соң Жерге қайта оралды.  Оны Virgin Galactic тікелей эфирде көрсетті. Ричард ғарышта болған кезінде оның керемет сұлулығын суреттеп, осындай ғажапты көруге себепкер ғарыш кемесін жасаған әріптестеріне рақмет айтты.