"5000 доллар сұрады". Алмат Сақатов неге еңбек сіңірген әртіс атағын алмағанын айтты

"Бауыржан шоу" театрының белді әртісі болған Алмат Сақатов әлі күнге еңбек сіңірген әртісі атаған алмай жүргенін жеткізді. Бұл туралы актер "Базарlike" бағдарламасына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгінде көптеген отандық киноларда төбе көрсетіп жүрген актер Алмат Сақатов неліктен әлі Қазақстанның халық әртісі атағын алмағанын айтты.

"Атақ алғым келмейді, егер бере қалса бар тартпаймын. Пендеміз ғой, кейбір кезде алты өлең айтып жүреді. Бір концерттерде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері деп хабарлағанда 25-26 жастағы бала шығады. 30 жыл сахнада жүрмін. Бауыржан шоуда жүрдік, қиын кезде жүрдік, қаншама киноға түстік, тележобаларға қатыстық бірақ атақты сатып алу керек. Арыстан Мұхамедиұлы бастық болып тұрған кезде 5000 доллар болды. Маған ашығын айтты, "5000 доллар бересің, ертең осы атақты алып беремін" деді. Алмаймын, ол ақшаға ешқандай пайдасы жоқ", - дейді актер.

Актер қазір атақ, орден әлі сатыла ма, жоқ па білмейтінін жеткізді. Бірақ өзін ешқашан бұл атаққа ұсынбайтынын, егер кімде-кім ұсынар болса, онда қарсы болмайтынын айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!