Астанада 45 жастағы ер адам 6-қабаттан секірмек болған - видео

Астанада 45 жастағы ер адам 6-қабаттан секірмек болған - видео
Фото: Видеодан алынған кадр

Астанада 45 жастағы ер адам 6-қабаттан секірмек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Астана полиция қызметкерлері көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болған ер адамды құтқарып қалды.

Оқиға Рысқұлбеков көшесінде болған. Полицияның 102 нөміріне әйел хабарласып, оның 45 жастағы жұбайы 6-қабаттан секіремін деп қорқытып жатқанын айтқан.

Оқиға орнына патруль полицейлері Әділет Далабаев пен Нұрғазы Марат келді. Қызметкердің бірі төменде қалып, ер адаммен диалог жүргізіп, райынан қайтаруға тырысқан. Ал екінші қызметкер пәтерге кіріп, ер адамды ұстап алып, тартып кіргізген.

Ер адамға психологиялық көмек көрсетілді. Полиция қызметкерлері тұрғынды мұндай әрекетке не итермелегенін анықтап жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек