15 мамырдан бастап Шымбұлақтың аспалы жолдары жабылады

15 мамырдан бастап Шымбұлақтың аспалы жолдары жабылады
Фото: Instagram/shymbulakmountainresort

15 мамырдан бастап Шымбұлақтың аспалы жолдары жөндеуге жабылады. Ал 14 мамырдан кейін "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортына тек эко-автобус немесе таксимен көтерілуге болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жазғы маусымға есігімізді ашпас бұрын біздің аспалы жолдарымыз жыл сайынғы профилактикалық жөндеуден өтуі керек! Мұның бәрі сіз бен біздің қауіпсіздігіміз үшін қажет", - делінген хабарламада.

  • 15 мамырдан 31 мамырға дейін - "Медеу-Шымбұлақ" және "Комби-1" аспалы жолы;
  • 15 мамырдан 9 шілдеге дейін - "Комби-2" аспалы жолы жабылады. 
  • ККД-4 штаттық режимде жұмыс істейтін болады.

14 мамырдан кейін Шымбұлаққа тек эко-автобустармен немесе таксилермен көтерілуге болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек