Өзенмұнайгазда 130-дан аса заңбұзушылық анықталды

Өзенмұнайгазда 130-дан аса заңбұзушылық анықталды
Фото: ozenmunaigaz

"ҚазМұнайГаз" жұмыс тобында "Өзенмұнайгаз" кәсіпорнында анықталған заңбұзушылықтар туралы айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Топ "Өзенмұнайгаз" штатына жұмысқа орналасу кезінде жергілікті оқу орындарында оқығаны туралы куәліктерді, жалған сертификаттар пайдаланылғаны туралы заңбұзушылықтар деректерін анықтады. Осы мәселе бойынша материалдар Жаңаөзен прокуратурасына жіберілді.

Қызметкерді жалдауды тексеру шеңберінде қабылданған 238 адамның 50-ге жуығы мамандығы бойынша жұмысқа орналаспағаны не кейін басқа лауазымдарға ауыстырылғаны анықталды.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары ӨМГ мен мердігерлік ұйымдарда еңбек заңнамасы бұзылған 130-дан аса деректі тіркеді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Бас прокуратура "Өзенмұнайгаз" тендерлерінің заңдылығын тексеретіні хабарланған болатын. 

Сондай-ақ, "Өзенмұнайгазда" жұмыс орнына мүлдем келіп көрмеген адамдар қызмет еткені анықталды.

"Өзенмұнайгазда" айтыскер ақын теолог, кейін қоғаммен байланыс жөніндегі маман қызметін атқарған

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова