Атырауда белгісіз біреулер журналист Виктор Сутягиннің көлігін жарып кеткен

Атырауда журналист Виктор Сутягиннің көлігі өртенді. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Виктор Сутягиннің ҚазАқпарат тілшісіне айтуынша, түнде оның көлігіне белгісіз біреу жақындап, "капотта бірдеңе жасаған", содан кейін жарылыс дауысы естілген. Журналистің айтуынша, оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

inform.kz

Полиция қызметкерлері бұл оқиғаға қатысты әзір пікір білдірген жоқ. 

Виктор Сутягин. Facebook-парақшасындағы фото

Виктор Сутягин - Атырауда танымал журналист. Ол 67 жаста. "ҚазАқпарат" ХАА-тің меншікті тілшісі болып жұмыс істейді. Бұған дейін "Каспийская коммуна", "Караван", "Казахстанская правда" және басқа да ақпарат құралдарында қызмет еткен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!