Теміртауда 12 жастағы баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті

Теміртауда 12 жастағы баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі eKaraganda сайтына сілтеме жасап.

Жасөспірімнің басына зақым келген. Оны ата-анасы ауруханаға алып кетті. Баланың жағдайы тұрақты. Бірден медициналық көмек көрсетілген. 12 жастағы бала дәрігерлердің қарауынан кейін амбулаторлық емделуге үйіне жіберілді. 

Оқиға салдары видеоға түсіп қалған. Ролик Желіде қызу талқыға түсті. 

Теміртау қаласының әкімдігі осы және өзге де футбол алаңдарына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жауапты екенін айтады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!