Шешіндіріп, видеосын таратып жіберген: әйел күйеуінің ашынасын өзі жазалаған (видео)

Өзбекстанда әйел ашынасын өзі жазалаған. Оны соққыға жығып, шешіндіріп, әлеуметтік желілерде видеоларын таратып жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі podrobno.uz-ға сілтеме жасап.

Қашқадария облыстық Ішкі істер басқармасы мәліметінше, оқиға 16 сәуірде сағат 21.00-де Қарши қаласында болған. 33 жастағы әйел туыстарымен бірге күйеуінің 30 жастағы ашынасы тұратын жалдамалы пәтерге барған.

Ол жанжал шығарып, әйелді ұрып-соғып, оны шешіндіріп, болып жатқан оқиғаның бәрін видеоға түсірген. Осыдан кейін әйел күйеуінің ашынасын қорлау үшін видеоны әлеуметтік желілерде жариялаған. Басылым мәліметінше, бұл оқиға кезінде әйелдің күйеуі де болған, бірақ ол болып жатқан жайттарға кедергі жасау үшін ештеңе істемеген.

Көршілерінің айтуынша, ер адам ашынасының кесірінен отбасын тастап кеткен, сондықтан әйел мұндай әрекетке баруға мәжбүр болған.

Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 138-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!