Вакцина алған жүргізушінің көбі жол апатына ұшырайтыны рас па?

Әлеуметтік желі қолданушылары 2023 жылдың басынан бері әлемде мектеп автобусының вакцинацияланған жүргізушілері көлік жүргізіп келе жатып, қаза болған бірнеше жағдай тіркелген деп жазды. Бірақ олардың қазасына екпенің қатысы бары анықталмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Хабарламада балаларды тасымалдайтын автобус жүргізушілері өздерін кенеттен нашар сезінген 9 жағдай сипатталған. Олардың әрқайсысына қысқаша тоқталайық.

2023 жылғы 26 сәуірде Мичиган штатында мектеп автобусының жүргізушісі көлік жүргізіп келе жатып, өзін жайсыз сезінген. Оған 7-сынып оқушысы көмектескен. Ол рөлді ұстап, көлікті тоқтатып, көмекке шақырған. Бұл ретте жаңалықтарда жүргізушіге нақты не болғаны, оның екпе алғаны және анамнезінде ұстаманы қоздыратын қандай да бір аурулар болғаны туралы айтылмайды.

2023 жылғы 30 наурызда Португалияның Сертаозиньо қаласында 51 жастағы жүргізуші мектеп автобусын жүргізіп келе жатып көз жұмған. Оның жүрегі тоқтап қалған. Оқушылар автобусты жолдың жиегіне тоқтатып, көмекке шақырған, бірақ олар жүргізушіні құтқара алмады. Айта кетейік, ақпаратта жүргізушінің қандай да бір аурумен ауырғаны немесе COVID-19-ға қарсы екпе алғаны туралы айтылмаған.

2023 жылғы 25 сәуірде Калифорнияда мектеп автобусы ағашқа соғылған. Бұл кезде көлікте бір оқушы мен бір мұғалім болған. Оқиға салдарынан олар зардап шеккен жоқ. Жарияланымда жүргізушіге шұғыл көмек қажет болды, бірақ апатқа дейін бе, әлде оқиғадан кйеін бе, белгісіз. Жүргізушінің вакцинациялану мәртебесі де көрсетілмеген.

2023 жылғы 6 наурызда Италияда балаларды экскурсияға апара жатқан автобус апатқа ұшыраған. Аяқастынан жүргізушінің жағдайы нашарлап, ол көлікті басқара алмай қалады. Салондағы мұғалімдер автобусты тоқтатып, балаларды сыртқа шығарған. Жүргізушіне нақты не болғаны және оның вакцинацияланғаны туралы ақпарат еш жерде жоқ.

2023 жылғы 7 наурызда Францияда жүргізуші мектеп жанында тұрған автобуста қаза болды. Оның ауырған-ауырмағаны белгісіз. Оның вакцинация мәртебесі де көпшілікке жария етілмеді.

Биыл 25 қаңтарда Италияда мектеп автобусының жүргізушісі көлік жүргізіп келе жатып қаза болды. Бұл кезде автобуста балалар болмаған. БАҚ-тың мәліметінше, 63 жастағы жүргізушінің әріптестері марқұмның созылмалы аурулары болғанын білмеген.

2023 жылғы 4 наурызда Францияда балаларды қала сыртындағы лагерьден алып келе жатқан автобус жолдан шығып кеткен. Оқиғаның нақты себебі белгісіз, алайда бұқаралық ақпарат құралдарында жолдың бұл бөлігі өте қауіпті және апаттар жиі болатыны хабарланды. Оқиға салдарынан адам шығыны да болған.

2022 жылғы желтоқсанда АҚШ-та мектеп автобусын жүргізіп келе жатқан 72 жастағы әйелдің жүрегі ұстап қалған. Кейін ол сол күні таңертеңнен өзін нашар сезінгенін айтқан, бірақ инфаркт белгілерін байқамаған, ол ауырғанына қарамастан, көлік басқарған. Оның вакцинация мәртебесі де жария етілген жоқ.

Қорыта айтқанда, топтамада келтірілген бірде-бір жағдай COVID-19 қарсы вакцинациямен байланысты емес. Бұл жүргізушілердің кемінде біреуі екпе алған немесе вакцинациядан жанама әсерлер болған деп айтуға деректер жоқ. Сондай-ақ, ғылыми зерттеулердің нәтижелері инфаркттың болу жиілігі вакцинацияланған және вакцинацияланбаған адамдар арасында ерекшеленбейтінін көрсететінін атап өткен жөн. Оның үстіне, COVID-19 қарсы вакциналар жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін арттырмайды.

Демек таралған ақпарат - өзара байланысты емес фактілердің манипулятив топтамасы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!