Қарағандыда екі жасар бала терезеден құлап, мерт болды

Қарағандыда екі жасар бала терезеден құлап, мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 9 мамырда болды. 2021 жылы туған бала 7-қабаттан құлап түскен. Екі жасар бала оқиға орнында мерт болды.  

Қарағандының ТЖ басқармасы балаларды қараусыз, жалғыз қалдырмауға кеңес берді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!