Қазақстанда қазақтардың үлесі 70,7 пайыз болды

Қазақстанда 2023 жылдың басында қазақтардың үлес салмағы 70,65 пайызға жетті. Осылайша елімізде қазақтардың жалпы саны 14 миллионға жуықтаған., - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Тәуелсіздік жылдары республикада қазақтардың саны жуықтап алғанда екі есеге өсіп (Кеңес одағында 1989 жылы жүргізілген халық санағы бойынша 39,7 пайыз), 70,65 пайызға жеткен.

Қазір бес аймақта, яғни Астана (81,09 пайыз), Ақтөбе облысы (85,26 пайыз), Маңғыстау облысы (91,36 пайыз), Атырау облысы (92,95 пайыз) және Қызылорда облысы (96,12 пайыз) қазақтардың үлесі 80 пайыздан көп. 

Тек Солтүстік Қазақстанда орыстардың үлесі (49 пайызы - орыстар, 35 пайызы - қазақтар) көбірек.

Елде саны жағынан екінші орында - орыстар (3 миллион адам - Қазақстан халқының 15,2 пайызы), үшінші орында - өзбектер (643,3 мың немесе халықтың 3,25 пайызы), төртінші орында - украиндар (380,2 мың немесе халықтың 1,92 пайызы), одан кейін ұйғырлар (297,1 мың немесе халықтың 1,5 пайызы) тұр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!