Альцгеймермен әйелдер жиі ауырады - ғалымдар

Альцгеймермен әйелдер жиі ауырады - ғалымдар

Вашингтон университетінің ғалымдары Альцгеймер ауруына ерлерге қарағанда әйелдер екі есе жиі шалдығатынын зерттеді. Бұның негізі факторы күйзеліс болуы мүмкін дейді олар. Зерттеу нәтижелері Brain журналында жарияланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ғалымдардың зерттеуінше, әйелдер ерлерге қарағанда күйзеліске бейім келеді, осы күйзеліс жас келген сайын Альцгеймер ауруына шалдығу қаупін арттырады. 

Сондай-ақ, Альцгеймер ауруының пайда болуына әсер ететін факторлардың бірі күйзеліс кезінде бөлінетін кортизол гормоны екені белгілі болды.

"Күйзеліс кезінде кортизол гармоны мөлшерінен көп бөлінеді. Бұл нейрондар арасында орналасып, Альцгеймер ауруының дамуына әкеледі", - дейді зерттеушілер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова