Кеден қызметкерлері жолаушының багажынан 22 жылан тапты

Кеден қызметкерлері жолаушының багажынан 22 жылан тапты
Фото: tengritravel/видеодан алынған кадр

Үндістанда әйел бірнеше жыланды тасымалдағысы келген жерінен ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

Ченнай қаласы әуежайының баспасөз қызметі багажында бірнеше жыланы бар әйел ұсталғаны көрінетін видео жариялаған. 

Әуежай өкілдерінің айтуынша, әйел Малайзияның Куала-Лумпур қаласынан әртүрлі типтегі және өлшемдегі 22 жыланды заңсыз алып өтпек болған. Тіпті хамелеон да тәркіленді.

Ченнай кедені жариялаған видеода әртүрлі пластикалық контейнердегі бауырымен жорғалаушыларды көруге болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова