Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыстың қанша ардагері бар?

Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыстың қанша ардагері бар?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыстың 222 ардагері бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жараланған және жеңіске үлес қосқан 60 мыңнан аса адам тұрады. Ұрыс даласына қазақ елінен 1 миллион 200 мыңнан аса адам шақыртылған. Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық Жеңіс үшін өз өмірін қиды. Әскери қызметі үшін жүздеген мың қазақстандық медальдармен және ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының батыры атанды. Оның төртеуі бұл атақты екі мәрте иеленді. 110 қазақстандық үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

  • Соғысқа шақыртылғандар - 1,2 миллион
  • Қаза тапқандар - 600 мың
  • Орден, медаль алғандар - 100 мың
  • Кеңес одағының батыры атанғандар - 500
  • Екі мәрте кеңес одағының батыры атанғандар - 4
  • ІІІ дәрежелі даңқ орденімен марапатталғандар - 110

Еске салайық, бұған дейін Екінші дүниежүзілік соғыста қанша қазақcтандық қаза тапқаны белгілі болғаны хабарланған еді.

Сондай-ақ, бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен екі ардагерге "Халық қаһарманы" атағы берілді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова