"Ұлты қазақ емес". Танымал актер Асылбек Боранбай алғаш рет отбасылық өмірі туралы айтты

Актер Асылбек Боранбай алғаш рет отбасылық өмірі туралы айтты. Ол - бес баланың әкесі. Ал жұбайы өзге ұлт өкілінен екен. Бұл туралы ол "Алғашқы" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, жұбайын әлі күнге дейін алақанында аялап келеді.

"Жұбайдан жолы болған жігіттердің бірімін. Әртістік өміріме шыдайтын бір адам болса, осы жұбайым шығар деп ойлаймын. Ұлты қазақ емес, ұйғыр. Бірақ шешесі - қазақ, отбасымен барлығы қазақша сөйлейді. Қазақ мектебінде оқыған. Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ та берген. Жаны қазақ. Бес баланың әкесімін", - дейді актер.

Ол балаларының өзге ұлт өкілімен шаңырақ көтеруіне қатысты пікірін білдірді.

"Қандай ұлт өкілі болмасын, мұсылманның қызынан алып, мұсылманның жігітіне тиіп жатса, қатты бір қарсылығым жоқ. Бірақ дей тұрғанмен өзіміздің қазақтан алған дұрыс қой", - деп түйіндеді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!