Алматыда кейбір жолдар жабылады

Алматыда кейбір жолдар жабылады
Фото: Tengrinews

Алматыда жылу желілерін қайта құрылымдау кезінде бірнеше көше арқылы өтетін жол жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы жылу жүйесі" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 мамырдан 30 тамызға дейін Алматы қаласында жылу желілерін жоспарлы қайта құрылымдауға байланысты бірнеше көше бойынша көліктердің қозғалысы шектеледі.

  • Медеу ауданында Қазыбек би көшесімен (Уәлиханов көшесінен Абдуллиндер көшесіне дейін) өтетін жол жабылады.
  • Бостандық ауданында қозғалыс Ганди көшесімен ("Нұрсұлтан Назарбаев қоры" ЖҚ-дан Батыс Желтоқсан көшесіне дейін) тоқтатылады.

"Енгізілген шектеулер бұл көшелердің жүріс бөлігінің астынан өтетін құбырларды қайта құрылымдау бойынша жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Тұрғындарға қолайлы жағдайларды сақтау үшін олардың үйлеріне ыстық су уақытша схемалар бойынша беріледі. Қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды және осы қалалық учаскелер арқылы жүру жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова