Маңғыстау облысында жаңа туған сәбиді сатқан адам ұсталды

Маңғыстаулық полицейлер жаңа туған нәрестені саудалау дерегін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

4 мамырда сағат 13:00 шамасында Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жаңа туған сәбиді сатып, ақша алған 35 жастағы күдіктіні ұстады. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жаңа туған нәресте тапсырылған 38 жастағы күдіктіні ұстады. Бала сот шешімі шыққанға дейін Ақтау қаласының облыстық мамандандырылған балалар үйіне орналастырылды.

Осы дерек бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаментінде ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!