Дүкенге кетіп, оралмаған. Ақмола облысында 18 жастағы қыз жоғалды

Ақмола облысында бір айдан аса уақыт бойы 18 жастағы қыз табылмай жатыр. Бұл туралы еріктілер Instagram-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2005 жылы туған Перепилица Мария Вячеславовна Щучинск қаласында Толқынов көшесінде тұрады. 22 наурызда сағат 16.00 шамасында қыз дүкенге кетіп, содан жоғалып кеткен. Оның орналасқан жері белгісіз.

Ол қара-жасыл түсті күрте, басына жасыл қалпақ, аяғына ақ етік киген. Бойы - 168 сантиметр, денесі арық, шашы иығынан төмен, көзі көк.

Жоғалған адамның орналасқан жері туралы мәлімет білетін адамдардан мына телефондарға хабарласу сұралады: +7 705 544 12 57, +7 775 337 77 50 немесе 102.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!