Блогер iPhone 15 қандай болатынын көрсетті

Блогер iPhone 15 қандай болатынын көрсетті
Фото: видео кадры

Танымал Unbox Therapy Youtube-арнасы 20 минуттық видео жариялап, Apple сматрфонының жаңа түрі қандай болатынын таныстырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Видео жаңа смартфонға қандай атау берілетіні әзірге белгісіз болса да "iPhone 15 Ultra" деп аталған. Тағы бірнеше ықтимал атау қойылған, олар: iPhone 15 Ultra, iPhone 15 Ultra Max немесе iPhone 15 Pro Max.

Арна жүргізушісі Льюис Хилсентегер бұл жаңа смартфонның соңғы үлгіі емес екенін айтады. Яғни YouTube-арнада жақын күндері iPhone 15-тің басқа да ықтимал түрлері туралы видео пайда болуы мүмкін.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина