Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды: бір адам қаза тапты

Жетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

7 мамырда Жетісу облысының Ақсу ауданында Hyundai Tucson және ГАЗ-53 авткөліктері қақтығысты.

Алматы-Өскемен тасжолының 360 шақырымында кроссовердің жүргізушісі жүк көлігін басып озуға әрекеттеніп, онымен жанама соқтығысып, нәтижесінде жол жиегіне шығып, аударылды. 54 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Hyundai жүргізушісі мен тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.

Жол апаты бойынша қажет сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу амалдары басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!