Нутрициолог сары майдың пайдалы қасиеттерін атады

Нутрициолог Лаура Сейітбек өзінің инстаграм парақшасында сары майдың пайдалы қасиеттерін жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нутрициолог Лаура Сейітбектің айтуынша, сары майдың мынадай пайдалы қасиеттері бар:

  • Шаш пен тері саулығы. Сары май құрамындағы А, В, С, D, Е дәрумендері тері мен шаш саулығына өте пайдалы. Күнделікті рационыңызда сары май болса, шаш құрғақтығы мен терінің салбырап кетуінің алдын аласыз;
  • Тамырлардың саулығы. Тамырлардың саулығы үшін холестерин деңгейі өте маңызды. Ол көп те, аз да болмауы қажет. Рационыңыздағы сары май - қан құрамындағы холестеринді көтеретін өнімдерді зарарсыздандырады;
  • Асқазан саулығы. Асқазан-ішек жолында проблемалары бар адамдар өз мәзірінде міндетті түрде сары майды қосу керек. Себебі сары майдың құрамындағы А дәрумені жараны жазып, қабынуды басатын қасиетке ие. Сонымен қатар ол асқазан қабырғаларын табиғи жолмен майлап тұрады;
  • Қосымша энергия көзі. Жануар майлары сияқты сары май да жылу мен энергия көзі. Сондықтан таңғы асты сары маймен бастаған абзал. Алайда, тәуліктік сары май нормасы 30 грамм екенін естен шығармаңыз;
  • Ұйқы сапасын жақсартады. Сиыр сүтіндегі майда триптофан деп аталатын аминқышқыл бар. Ол адам ағзасындағы серотонин түзуге ат салысады. Ал серотонин болса, тәтті құмарлықты басып, ұйқы сапасын арттыруға көмектеседі;
  • Еңбек қаілеттілігін арттырады. Сары май - ми жасушаларын жаңартып, ойлау қабілетін жақсартып, зейінді арттыруға көмектеседі. Сондықтан баланың рационында міндетті түрде сары май болуы керек.