Астанада курсанттарға тегін балмұздақ берген ер адамның әрекеті жұртты тебірентті

Астанада курсанттарға тегін балмұздақ берген ер адамның әрекеті  жұртты тебірентті
Фото: Видеодан алынған кадр

Астанада белгісіз ер адам курсанттарға балмұздақ беріп, жұртты тебірентті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның жүк көлігінің артында отырған курсанттарға бірнеше балмұздақ бергені бейнеленген видео тарады.

Видеода әскери киім киген жастар дәмге қол созып жатқаны, ал ер адам күлімсіреп көлігіне бара жатқаны көрінеді. 

Видео Астанада шағын көлік кептелісі кезінде түсірілген. Ер адам Отан қорғаушылар күніне орай осындай сый беруді жөн көрген сынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек