Астанада есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкен иесі ұсталды

Астанада есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкен иесі ұсталды

Астанада есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкеннің иесі құрықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Полицейлер саябақта есірткіні жасырын жерлерге салумен айналысқан бойжеткенді анықтады. Жеке тінту кезінде одан жалпы салмағы 0,53 грамм экстази есірткі заты тәркіленді.

Жалдамалы пәтерді тінту барысында есірткі заттары бар үлкен қойма анықталды. Олардың ішінде мефедрон, гашиш, галлюциногенді, марихуана және каннабис шайыры бар. Ол заттарды ұсталған азаматша өзінің есірткіні сатумен айналысатын интернет дүкенінде сатпақ болған. Есірткі курьері елордада өткізуді көздеген 400 грамм жуық есірткі заты заңсыз айналымнан тәркіленді.

Полицейлер қаланың халық көп шоғырланған жерлерінде есірткі курьерлері жапсыратын QR-кодтары бар жапсырмаларды тапты. Қылмытық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстай изоляторына қамалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина