Астаналықтар интернеттің жоқтығына шағымданды. Beeline пікір білдірді

Астаналықтар интернеттің жоқтығына шағымданды. Beeline пікір білдірді
Фото: elements.envato.com

Beeline Қазақстан Астанадағы қолданушылардың интернетке қатысты шағымдарына пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

6 мамырда түстен кейін елорданың түкпір-түкпіріндегі абоненттер интернетке кіре алмай жатқанын, Beeline-нан қосылатын телевизия жұмыс істемейтінін айтып шағымданған.

Компания Астананың кейбір аудандарында интернетке шектеулер бар екенін растады.

"Біздің мамандар бірден ақаулықтарды жоюға кірісті, қазір желіге қолжетімділік қалпына келтірілді. Біз тұрақты тұтынушыларымызды жоғары бағалаймыз, сондықтан зардап шеккен барлық абонентке қызмет көрсетілмеген уақыт үшін қайта есептеу ұсынылады. Біз оларға шыдамдылық танытып, жұмысымызды қолдағаны үшін алғыс айтамыз", - деп хабарлады Beeline Қазақстан баспасөз қызметі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан