Атырауда ер адам тұрғын үйдің 16-қабатынан секірмек болған - видео

Атырауда ер адам 16-қабаттан секірмек болған. Оны полицейлер құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм-арнасына сілтеме жасап.

6 мамырда сағат 3:06 шамасында 102 арнасына Алмагүл мөлтек ауданы бойындағы көпқабатты үйдің 16-қабатынан белгісіз ер адамның секіргелі тұрғаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

"Оқиға орнына Атырау қалалық ПБ-ның патрульдік полиция батальонының взвод командирі Данабек Сақуов және қызмет инспекторлары Айдос Кубиев пен Серік Жолдығалиұлы дереу жетіп тез арада жоғары қабатқа көтерілген. Оларды байқаған ер адам оған жақындамауын ескертіп, айқайлай бастаған. Жағдайды бағдарлай отырып, полицейлер ер адаммен диалог құруға тырысып, ығайлы сәтті күтіп, шапшаң қимылдап оның арқасынан ұстап, балконның ішіне тартып кіргізген", - делінген хабарламада.

Қазір 23 жастағы ер адамның мұндай іс-әрекетке не үшін барғаны анықталып жатыр. Психологтармен бірлесіп онымен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!