Із-түзсіз жоғалып кеткен ҚТЖ қызметкері өлі табылды

Із-түзсіз жоғалып кеткен ҚТЖ қызметкері өлі табылды
Фото: © instagram/volontery_almaty_lider.kz

Ақмола облысында жоғалып кеткен 31 жастағы ер адам өлі табылды, мән-жайы айтылмаған. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1992 жылы туған Хамзин Жанат Жеңісұлы Есіл қаласында тұрған. "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да машинист болып жұмыс істеген. Биыл 29 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 11.30-да үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. 4 мамырда ер адам қаза болғаны белгілі болды.

2 мамырда Ақмола облысында тағы бір ер адамның өлі денесі табылды. Слепокуров Сергей Анатольевич, 1978 жылы туған, Бұланды ауданы, Боярка ауылында тұраған. 2022 жылдың 30 қыркүйегінде таңғы сағат 04.00 шамасында үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан