Қазақстанның қай өңірінде ерлер көп?

Қазақстанның қай өңірінде ерлер көп?
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстанның қай аймағында ерлер саны басым? Ұлттық статистика бюросы мәлімет жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2023 жылдың басында халық саны 19 миллион 766 мың адам болса, оның 9 миллион 647 мыңы – ер адамдар.

"0-14 жас аралығындағы ұл балалар саны 3 миллион болса, 15-62 жас аралығындағы ерлер саны – 5 миллион 876 мың, ал 63 жастан жоғары зейнеткер ерлер саны – 767 мың", - делінген ҰСБ мәліметінде.

Өңірлер бөлінісінде ерлер саны Түркістан облысында көп – 1 миллион 079 мың, ал ең азы Ұлытау облысында – 108 мың.

"Жұмыспен қамтуға келетін болсақ, ерлердің көпшілігі өнеркәсіп саласында қызмет етеді – 16,8 пайыз, көтерме және бөлшек сауда, автожөндеу саласында 14 пайыз, тағы 14 пайыз ауыл, орман және балық шаруашылығында еңбек етеді", - делінген хабарламада.

Ерлердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 70,2 жыл. Орташа жасы – 30,5 жас. Некеге тұрған ерлердің орташа жасы – 28 жас.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан