Тұрмысқа шығу не Instagram. Блогер Дамеля Sweet бір оқиғасын айтып берді

Блогер және актриса Дамеля Sweet өз өміріндегі бір оқиғаны айтып берді. Блогердің бұрынғы ғашығы оған бірге ауқатты өмір сүруді ұсынады, бірақ қыз бұл ұсыныстан бас тартқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дамеля Sweet бұрынғы жігітінің тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағанын мойындады. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жазды. Бірақ оның орнына Дамеля әлеуметтік желідегі парақшасынан бас таруты керек болған.

"Ол адам тұрмысқа шығып, Instagram-ды өшіруім үшін мені қайта тәрбиелеп, манипуляция, шантаж жасағысы келді. Ол мені толық қамтамасыз етуді, қымбат, сән-салтанатта өмір сүруді және осы жазда той жасауды ұсынды, бірақ менің сүйікті ісімсіз. Өзіме миллиондаған сыйлық сатып алу үшін бай және табысты күйеу керек емес. Алла тағала береді, өзім де ала аламын", - деп жазды Дамеля.

Қазір қыздың жүрегі бос және ол сенімді адамды кездестіргенде, оны бәріне көрсететінін айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!