Көкшетауда көшеде жанжал шығарған бір топ адам ұсталды

Көкшетауда көшеде жанжал шығарған бір топ адам ұсталды
Фото: видео кадры

Көкшетауда көшеде мас күйде жанжал шығарғандар ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм-арнасына сілтеме жасап.

5 мамырда "Әскер-7" экипажы облыс орталығын патрульдеу кезінде Әуелбеков-Сағдиев көшелерінің қиылысында жанжалдасқан бір топ жасты байқаған.

"Қоғамдық тәртіп бұзушылықты болдырмау мақсатында көкшетаулық полиция қызметкерлері шара қабылдап, нәтижесінде төрт ер адам полиция басқармасына жеткізілді. Жүргізілген медициналық куәландыруға сәйкес, қала тұрғындары мас күйінде болған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ұсталғандардың бәрі компьютерлік фирмалардың бірінің әріптес-қызметкерлері екені анықталды. Жанжалдың барлық қатысушысы ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан