Дәрігер тауықтың қай бөлігін жеуге болмайтынын айтты

Тауық етін қалай дұрыс пісіру және жеу керек, тауық етінің қай бөлігі қалғандарына қарағанда пайдалы, ал бөлігін жемеген дұрыс? Жалпы тәжірибе дәрігері, диетолог, гастроэнтеролог Наталья Сычева маңызды сұрақтарға жауап берді.

Дәрігердің айтуынша, құс етінің жамбасын түскі асқа пайдаланған жөн. Ал кешкі асқа арық кеуде тұсының етін жеген жұрыс. Кеуде етінде майы өте аз болады. 

Маманның айтуынша, тауық етінің ең зиянды жері – терісі.

"Терісін сыпырып алып тастаған дұрыс. Себебі онда қаныққан майлар көп. Адамдар диета үшін құс етіне ауысып, сиыр етінен бас тартып жатады.  Бірақ тауықтың терісі бар қанатын жейді. Құс етінде сиыр етіндегідей май болады, тіпті терісі бар кеуде бөлігі болса да терісін алып тастамасақ болмайды", - деп ескертті гастроэнтеролог.

Дәрігер тауық етін қытырлатпай пісіруге кеңес берді.

"Айқын қызғылт қыртыс - бұл гликация өнімі. Бұл коллаген талшықтарының бір-біріне жабысып қалуына  және қан тамырлары мен терінің қартаюына әкеледі", - деп ескертті диетолог.

Ол буға пісірілген тауық еті ағзаға ең үлкен пайда әкелетінін айтты.